19 сәуір 2017 | 11:52

Алдағы күндері күн суытып, жаңбыр жауады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ, жеті облыста ауа температурасы төмендейді деп болжанып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнының директоры Марина Шмидт айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ, жеті облыста ауа температурасы төмендейді деп болжанып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнының директоры Марина Шмидт айтты.

"Алдын ала болжам бойынша, 21-24 сәуір аралығында белсенді циклондар мен олардың атмосфералық фронттарына байланысты еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады. БҚО, СҚО, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Алматы және Жамбыл облыстарынада қатты жауын-шашын мен ауа температурасының төмендеуі күтіледі", - деді Марина Шмидт.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның батысында түнде ауа температурасы -3...+2 градусқа дейін, күндіз  +10...+15 градусқа дейін, еліміздің орталығы мен шығысында түнгі уақыттағы ауа температурасы -3...+2 градусқа дейін, ал күндіз  +5...+13 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы +3...+8 градус, күндіз +18...+23 градус болады.

"Ал кейінірек күн қайта жылынып, еліміздің солтүстігінде ауа температурасы +18...+23 градус, оңтүстікте +20...+28 градусқа дейін жылынады. Бірақ бұл жылу ұзаққа созылмайды. Тағы бір циклонның келуіне байланысты айдың соңында республиканың барлық аумағында қайтадан жауын-шашын жауып, ауа температурасы төмендейді", - деді Марина Шмидт.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети