06 мамыр 2019 12:01

Алдағы мереке күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 2019 жылдың 7-9 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 2019 жылдың 7-9 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Алдағы үш тәулікте қазақстандықтарды ауа райы қуантады. Антициклонның ықпалымен жылы және жауын-шашынсыз күндер күтіледі. Солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарында күндіз ауа плюс 22-28 градусқа дейін, кей жерлерде плюс 30-33 градусқа дейін жылынады", - делінген хабарламада. 

Мамандардың айтуынша, оңтүстік-шығыста жаңбыр тоқтайды, температура жоғарылайды. Тек батыс облыстарында атмосфералық фронттармен бірге найзағай, өткінші жаңбыр күтіледі, бірақ бұл жерде де күндіз плюс 20-25, кей жерлерде 26-31 градус дейін жылынады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети