Синоптиктер Қазақстанның екі облысында дауылды ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер Қазақстанның екі облысында дауылды ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.
Алдағы тәулікте 20 ақпанда температура фонының жоғарылауына және қатты жауын-шашын күтілуіне байланысты Оңтүстік Қазақстан облысында судың тасуы мүмкін.
"20-21 ақпанда Жамбыл облысында шығыс бағыттан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз 20, тәулік бойы 21 ақпанда облыстың оңтүстік-батысында кей уақыттарда 30 м/с және аса күтіледі.
Тараз қаласында күндіз 20, тәулік бойы 21 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және аса күтіледі", - деді синоптиктер.
Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы бойынша күндіз 20 ақпанда кей жерлерде жел 15-20, екпіні 25 м/с-қа күшейетіні айтылады.