1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алдағы тәуліктерде аяздың беті қайтады05 ақпан 2014, 15:23

Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Ақпанның 6-сынан бастап, Қазақстанда күн азғана уақытқа жылынады деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" РМК мамандарының мәліметіне сүйеніп. "Қазақстанның аумағымен жылжитын циклон республиканың көптеген облысына қар аралас боран, жылдамдығы 13-18 м/с-ке жететін жел мен ауа температурасының азғана уақытқа жоғарылауын алып келеді. Температура көтеріледі, бірақ нормадан 3-8 градусқа төмен болады, 6 ақпан күні шығыста және оңтүстікте, 7-8 ақпан күндері батыста ауа температурасы қалыпты температурадан 8-13 градусқа төмен болады", - делінген синоптиктердің хабарламасында. Қазақстан аумағында қаңтардың соңғы күндерінен бері ауа температурасының төмендегені белгілі. Солтүстікте аяз 30-35 градусқа дейін күшейді. Оңтүстік өңірлерде сынап бағанасы 20-25 градус аяздан жоғарыламай тұр. Ауа температурасының төмендеуі мен қардың толас таппауына байланысты кейбір аймақтарда төтенше ескерту жарияланып, көлік қозғалыстары шектелді. Бірқатар облыста мектептердің сабағы тоқтатылды.