17 сәуір 2014 | 15:29

Алдағы уақытта ҚМДБ Әбу Ханифа зерттеу орталығын құратын болады - Е.Маямеров

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Мuslim.kz Фото Мuslim.kz

Алдағы уақытта ҚМДБ Әбу Ханифа зерттеу орталығын құрады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Бас мүфти Ержан Маямеровқа сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алдағы уақытта ҚМДБ Әбу Ханифа зерттеу орталығын құрады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Бас мүфти Ержан Маямеровқа сілтеме жасап.

Астанада ҚР Дін істері агенттігі "Орталық Азиядағы исламның рөлі" деген тақырыпта халықаралық конференция өткізген болатын. Жиын барысында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының бас мүфтиі Ержан Маямеров исламды өркендетуге қатысты, "Алдағы уақытта Әбу Ханифа зерттеу орталығы құрылады", - деп мәлімдеді.

Аталған конференцияда исламның дамуына айтарлықтай үлес қосқан Орталық Азияның рөлі талқыланды. Дін саласындағы қарым-қатынасты реттеу және діни экстремизмге қарсы тұру мәселелерімен айналысатын Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркия, Египет елдерінен сарапшылар мен дінтанушылар қатысты.

Жиын барысында ислам дінінің рөлі мен Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттерінің  мәдени және рухани тұрғыдан дамуындағы ықпалы талқыланып, Орталық Азия аймағынан шыққан мұсылман ойшылдарының ғылыми, әдеби, мәдени мұралары қазіргі уақыттағы экстремистік идеялардың таралуына идеологиялық тұрғыда бөгет бола алатынын аталды.

"Орталық Азия ислам дамуының  тарихи орталығы. Бұған осы аймақ ғалымдарының бай мұрасы мен ислам дамуына қосқан үлкен үлесі куә болып отыр. Дегенмен атқарылатын істер әлі де жетерлік. Себебі, ислам дінінің әлеуметтік-мәдени феномені сан қырлы және пәнаралық зерттеуді талап етеді", - деді Дін істері агенттігінің төрағасы М.Әзілханов.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети