Алдағы үш жылда бір миллионнан аса жұмыс орындары ашылады - Сапарбаев

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына еліміздегі "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға көрсетіліп жатқан көмектер бойынша және жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыссыздықпен күрес туралы баяндалды.

Министр кәсіп ашуға гранттар, шағын несиелер берілетінін, мамандығы жоқ азаматтарды қайта оқытып, жастар практикасы мен қоғамдық жұмыстарға тарту арқылы жылына орта есеппен 370 мың жаңа жұмыс орнын ашу  жоспарланғаны туралы мәлімет берді. Сапарбаевтың айтуынша, алдағы үш жылда кемінде 1 миллион 100 мың жұмыс орнын ашу көзделген. Сонымен қатар, елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қорғау жөніндегі ұлттық жоспардың дайындалып жатқандығын, ішкі және сыртқы көші-қон саясатының жүзеге асырылуын жеткізді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның сапалы жүзеге асырылуы маңызды екеніне тоқталып, әсіресе аз қамтылған көпбалалы отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, жұмыссыздық деңгейін 4,5 пайыздан асырмау қажеттігін тапсырды. Сонымен қатар, еліміздегі мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдаудың маңыздылығын айтты.

Мемлекет басшысы әлеуметтік бағдарламалардың уақытылы және сапалы атқарылуына байланысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro