Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алдағы үш күнде Алматы облысындағы тауларда сел жүру қаупі бар 04 тамыз 2015, 16:12

Синоптиктер ауа температурасының көтерілуіне байланысты ескерту жариялады.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Үлкен Алматы көлі. © Дәурен Исаев Үлкен Алматы көлі. © Дәурен Исаев

Алдағы үш күнде Алматы облысындағы тауларда сел жүру қаупі бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктер ауа температурасының көтерілуіне және жауын-шашынның күтілуіне байланысты 4-7 тамыз аралығында Алматы облысындағы тауларда сел жүру қаупінің сақталатынын ескертті. Дегенмен, таяу күндерге арналған ауа райы болжамына сәйкес, Алматы облысынан өзге аймақтардың басым бөлігінде ыстықтың беті қайтады.

"4-6 тамыз аралығында республикамыздың батысы мен солтүстігінде ауа температурасы төмендейді. 6 тамызда суық атмосфералық фронттың өтуіне байланысты кейбір жерлерде жаңбыр жауады және Қазақстанның батысында, солтүстігінде және орталығында температура одан әрі төмендей береді. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ыстық әлі болады, күндіз ауа температурасы кейбір жерлерде 40-43 градусқа жетеді", - дейді синоптиктер.

Дегенмен, бұл өңірлерде 5-6 тамызда оңтүстік-батыс ағындарының солтүстік-батыс ағындарына ауысуы басталады және ақырындап ыстықтың беті қайтады деген болжам бар.

 

Join Telegram