02 ақпан 2015 | 14:51

Алдағы үш күнде ауа температурасы жоғарылайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©newsprom.ru ©newsprom.ru

3-5 ақпан күндері Қазақстанда ауа температурасы орташа климат нормасынан жоғары болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мамандарына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

3-5 ақпан күндері Қазақстанда ауа температурасы орташа климат нормасынан жоғары болады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мамандарына сілтеме жасап. 

"Қазақстанның барлық аумағына ықпал еткен Сібір антициклоны біртіндеп ыдырап, шығысқа қарай ауысып барады. Аязды күндердің орнына біртіндеп әрі нық түрде оңтүстік пен батыстан жылы ауа массалары тарала бастады, олар алдағы үш күнде республикада ауа температурасының орташа климат нормасынан жоғарылауына, кей жерлерде, тіпті, 2-3 градусқа жоғары болуына әсер етеді, Қазақстанның шығысында ғана температура бұрынғысынша нормадан төмен болады", - делінген хабарламада. 

Метеорологтердің мәліметінше, жылы әрі дымқыл ауа массалары республиканың батысы мен солтүстік-батысының кей жерлерінде жауын-шашын, тұман мен көктайғақты қалыптастырады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ақпан айының алғашқы күндері ауа температурасының орташа климат нормасынан 2-6 градусқа жоғары болатыны хабарланған еді. "Қазақстанның барлық аумағында антициклонның ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ғана кей жерлерде жауын-шашын, көктайғақ болып, тұман түседі", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК инженер-синоптигі Ардақ Қалменова. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети