Алдағы үш күнде Қазақстанда күн ыстық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Алдағы үш күнде Қазақстанда күн ыстық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Республикамыздың барлық аймақтарында алдағы үш күнде ауа температурасы 28-35 градус шамасында жылы болып тұрады, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда 36-41 градусқа дейін жетеді. Мұндай көрсеткіштер, синоптиктердің болжамы бойынша, климаттаттық қалыптан 4-8 градус жоғары.
Ал батыс аймақтарда аздап ыстық болады. "Ауа райына төмендетілген атмосфералық қысым әсер ететіндіктен кейбір аймақтарда найзағайлы өткінші жауын және бұршақ болады, бұршақ болған жағдайда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді", - деп хабарлайды "Қазгидромет".
Бұған дейін хабарлағанымыздай айдың екінші онкүндігінде еліміздің барлық аумағында жаңбыр жауады. Қалыптан тыс жауын-шашын мөлшері Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалады деп болжануда. Ауаның температурасы солтүстікте 20-25 градус аралығында тербелсе, батыс пен шығыста 25-30 градус аралығында, ал оңтүстікте 27-32 градус аралығында болады.
Айдың аяғына қарай Қазақстанда күн ашылып, аптап ыстық болады. Кейбір жерлерде ауаның температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Ең ыстық ауа райы Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында болады деп болжанып отыр.