24 ақпан 2014 18:49

Алдағы үш тәулік ішінде аяз біртіндеп бәсеңдейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Ақпанның 25-27-сі күндері еліміздің аумағында аяз біртіндеп бәсеңдей бастайды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. "Алдағы үш тәулік ішінде суық ауа райын ұстап тұрған қуатты антициклон біртіндеп ыдырап, шығысқа қарай ауысады да, аяздар бәсеңдей бастайды. Республиканың солтүстік бөлігінде атмосфералық таралымдардың жақындауынан қар жауып, боран соғады, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді", - делінген кәсіпорынның сайтында. Дегенмен сейсенбі - 25 ақпан күні Қазақстанның көп бөлігінде антициклон ықпалы, яғни аяз сақталады. Әсіресе, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстарында өте күшті аяз болады. Солтүстік пен солтүстік-батыста ғана ауа тұрақсыз болып, қар жауады, жел күшейеді. Мамандардың мәліметінше, өткен күндерде күннің айтарлықтай ызғарлы болуына Кар теңізі аудандарынан жеткен арктикалық ауа ағыны себеп. Өткен екі тәулікте облыстардың көбінде сынап бағанасы 28-36 градус аязды, Қарағанды облысында 42 градус аязды көрсетті. Бұл - осы кезеңдегі қалыпты мөлшерден 12-17 градус аязға төмен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети