22 маусым 2014 | 10:48

Александр Винокуров Vino маркалы шайтанарбаның тұсауын кесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Александр Винокуров Алматы қаласында қазақстанда шығарылған Vino маркалы шайтанарбаның тұсауын кесті. ©Владимир Прокопенко Александр Винокуров Алматы қаласында қазақстанда шығарылған Vino маркалы шайтанарбаның тұсауын кесті. ©Владимир Прокопенко

Олимпиада ойындарының жеңімпазы, "Астана" велокомандасының менеджері Александр Винокуров Алматы қаласында қазақстанда шығарылған Vino маркалы шайтанарбаның тұсауын кесті, - деп хабарлайды Теngrinews.kz


Иконка комментария блок соц сети

Олимпиада ойындарының жеңімпазы, "Астана" велокомандасының менеджері Александр Винокуров Алматы қаласында қазақстанда шығарылған Vino маркалы шайтанарбаның тұсауын кесті, - деп хабарлайды Теngrinews.kz

Бұл жобамен Александр Винокуров өзінің әріптестерімен бірге екі жылға жуық уақыт шұғылданған. Қазірге, Vino отандық бренд тас жолға, таулы аймақтарға және ойлы-қырлы жерлерге жүруге жарайды.  Шайтанарбаның дизайнында қазақ дәстүрінің элементтері бар, өнімнің кейбір жерлері қазақстандық жалаудың түсімен боялған. Vino маркалы велосипедті безендірумен отандық және шетелдік сарапшылар айналысқан. 

Александр Винокуров атына берілген Vino велосипеді Велоспорт халықаралық федерациясының сертификатын және әлемдік жарыстарға қатысу мүмкіндігін алды. "Бұл велосипедтер Тайванда өндіріледі. Біз тапсырыс беріп, барлық қажеттіліктерді айтамыз, олар дайындайды. Ал, құрастыру ісі Қазақстанда жасалады. Велосипед осында құрастырылатындықтан да, ол "made in Kazakhstan..." (...) болып саналады. Біз бренттің атауын қою барысында біраз талас-тартысқа түстік. Мен Vino атауын ұсынып едім, достарым оны қолдады. Меніңше, бұл өте сәтті табылған атау, себебі бұл брентпен бүкіл әлем Қазақстанды таниды", - деді Александр Винокуров.

Спортшының сөзіне сүйенсек, Vino шайтанарбасын шығарудағы басты идея мен мақсат қазақстандықтарға қолжетімді бағаға жақсы өнім ұсынып, салауатты өмір салтын насихаттау. Спортсмен болашақта "Астана" велокомандасы Vino шайтанарбасына мінуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Алдағы уақытта отандық өнімді арнайы дүкендер мен интернеттен сатып алуға болады. Естеріңізге саламыз, Александр Винокуров 20 маусым күні Алматы қаласында Vino шайтанарбасына мініп көрді. Бұл күні Олимпиада-2022-ні Қазақстанға өткізу тапсырысына қолдау көрсету акциясы ұйымдастырылған болатын.   

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети