Алексей Цой маска тағу бойынша бұйрыққа қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алексей Цой маска тағу бойынша бұйрыққа қол қойды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарды қоғамдық орындарда қорғаныш маскаларын тағуды міндеттейтін бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарды қоғамдық орындарда қорғаныш маскаларын тағуды міндеттейтін бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Норма "Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" бұйрыққа енді.

"Санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілетін жерлерде және (немесе) объектілерде COVID-19 таралуын болдырмау үшін:

  1. COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары адамдар тобын анықтау;
  2. Қорғаныш құралдары мен антисептик қолдануға, соның ішінде, ашық жерлерде де (көшеде, үйден тыс жерде) маска тағу;
  3. Байланыссыз термометрияны қолдану;
  4. Адамдардың әлеуметтік қашықтықты сақтауы;
  5. Нысандардың ауасын тазартып тұру;
  6. Стационарлардың жұмысы;
  7. Ба смемлекеттік санитар дәрігерлер қабылдаған санитарлық ереже мен талаптардың қатаң сақталуы;
  8. Денсаулық сақтау мекемелерінде COVID-19-дан бөлек ауру расталған науқастарға орын бөлу;
  9. Денсаулық сақтау мекемелерінде COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болмауы үшін орын бөлу", - делінген бұйрықта. 

Еске салайық, бүгін Қазақстанда көшеде маска тағу міндеттелгені хабарланды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети