Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға Украинадағы жағдайларды әкелуге тырысатындарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға Украинадағы жағдайларды әкелуге тырысатындарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"БАҚ-тың барлық түрдегі иелері Қазақстанның дамуының қазіргі уақыттағы өз жауапкершілігін түсінуі керек. Неліктен барлық түрдегі деп отырмын - қазір либералданатын уақыт емес, бізге елімізді сақтап қалу керек. Қазір оңай заман емес, қазақстандықтар Қазақстанда Украинадағы жағдайлардың болғанын қаламайды, мұны білемін, барлығы естісін. Ал сондай жағдайларды елімізге әкелгісі келетіндерге - ең қатаң шараларды қолданамыз, ескертпеді демесін", - деп мәлімдеді Назарбаев Ақордадағы жиында Ақпарат және байланыс министрлігін құрудың қажеттілігін айта отырып. Бұл министрлік шиеленіскен мәселелерді жедел анықтап, әрекет ету мақсатында интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерді қосқанда, ақпарат кеңістігін бақылаумен айналысады.
"Біз түрлі реформаларды қарқынмен өткіземіз. Бұл - ұлттың жаңа жаһандық күрделі жағдайдағы өміршеңдігі жайлы мәселе. Әлем біздің шерулетіп болғанымызды, айтарымызды айтып болғанымызды күтіп отырмайды, әлем алға қарай кетеді, сосын біз мәңгіге соңында қаламыз да қоямыз. Халық басқа да мәселені көтереді, біз мұны естіп жатырмыз, біліп отырмын. Мысалы денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы реформа...", - деді Мемлекет басшысы.