Әлем көшбасшылары Тоқаевқа құттықтау хатын жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлем көшбасшылары Тоқаевқа құттықтау хатын жолдады Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысының атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президентінің атына Жаңа жылға орай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан құттықтаулар келіп түсіп жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты

  • Ресей президенті Владимир Путин,
  • Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин,
  • Қырғызстан президенті Садыр Жапаров,
  • Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон,
  • Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов,
  • Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев,
  • Армения президенті Ваагн Хачатурян,
  • Армения премьер-министрі Никол Пашинян,
  • Беларусь президенті Александр Лукашенко,
  • Рим Папасы Франциск,
  • Вьетнам президенті Нгуен Суан Фук,
  • Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер,
  • Италия президенті Серджо Матарелла,
  • Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух,
  • Корея президенті Юн Сок Ёль,
  • Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди,
  • Жапония премьер-министрі Фумио Кишида,
  • Жаңа Зеландияның генерал-губернаторы Синди Киро,
  • сонымен қатар, бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, шет мемлекеттердің көрнекті мемлекет қайраткерлері, шетелдік ірі компаниялардың, банктердің, қаржы институттарының, дипломатиялық миссиялардың басшылары мен басқа да ресми тұлғалар құттықтады.

Құттықтау жеделхаттарында Қазақстанның шет мемлекеттермен екіжақты және көпжақты ынтымақтастығын нығайтудың маңызды аспектілері, басымдықтары аталып өткен.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқына жүрекжарды тілектер айтылған.

Құттықтаулар әлі де келіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети