Әлемде мұнай бағасы төмендеп жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемде мұнай бағасы төмендеп жатыр Фото:depositphotos.com\ [email protected]

Әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеді, Brent маркалы мұнай бағасы бір барреліне 65 доллардан төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеді, Brent маркалы мұнай бағасы бір барреліне 65 доллардан төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың тамыздағы фьючерстерінің бағасы Астана уақытымен сағат 08:50-де 1,3 пайызға төмендеп, бір барреліне 64,78 доллар болды.

WTI маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстері 1,09 пайызға арзандап, бір баррель үшін 62,72 доллар болды.

Мұнай бағасына әсер еткен себептер

АҚШ-та бензин мен дистиллят қорының күтпеген жерден айтарлықтай өскені белгілі болды. Бұл әлемдегі ең ірі экономиканың мұнайға деген сұранысының әлсірегенін көрсетеді. Мәселен, Оклахома штатындағы Кушинг жеткізу терминалында қор 576 мың баррельге артты. Қайта өңделген жанармай түрлерінің арасында бензин қоры 5,219 миллион баррельге, ал дистиллят қоры 4,23 мың баррельге өсті – бұл көрсеткіштер сарапшылардың болжамынан әлдеқайда жоғары.

Мұнай бағасына қосымша қысым Сауд Арабиясының Азия елдері үшін мұнайдың ресми бағасын төмендетуінен де туындады. Сауд Арабиясының мемлекеттік мұнай компаниясы Aramco шілдеде Азияға жеткізілетін флагмандық Arab Light мұнайының ресми сату бағасын бір баррель үшін 1,20 долларға дейін түсірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети