Әлемдегі барлық қақтығыс пен соғыс ұлттық тәкаппарлықтан туындайды - Тоқаев

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемдегі барлық қақтығыс пен соғыс ұлттық тәкаппарлықтан туындайды - Тоқаев Фото ©РИА Новости/Александр Гальперин

Қазақстан Президенті әлемдегі барлық қақтығыс пен соғыс ұлттық тәкаппарлықтан туындайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті әлемдегі барлық қақтығыс пен соғыс ұлттық тәкаппарлықтан туындайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының пікірі Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясының отырысында айтылды.

"Әлемдегі барлық қақтығыс пен соғыс ұлттық тәкаппарлықтан, басқа этносты, басқа ұлтты жақын адам мен дос ретінде көргісі келмеуден туындайды. Нағыз патриотизмді ешқандай жағдайда ұлттық тәкаппарлықпен шатастыруға болмайды. Сондықтан біз Ассамблеяны дамытуды, жұмыс әдістерін жетілдіруді, оның құрамын үнемі жаңартып отыруды жалғастырамыз", - деді Тоқаев отырысқа қатысушыларға.

"Біз бір жердің перзенттеріміз, бір халықтың ұл-қыздарымыз! Ұлы даланың ұлан-ғайыр кеңдігінде бәрімізге де жеткілікті орын бар. Осынау қасиетті өлкеде бәріміздің қорғанымыз бар, ол үшін еңбек етіп, өмір сүріп жатырмыз. Қазақстанның болашағы, балаларымыздың тағдыры, ата-баба аманаты – бәрі өз қолымызда. Біз уақыттың кез келген сын-қатерлерін басымызды тік тұрып қабылдаймыз", - деді Мемлекет басшысы.

"Біз біртұтас халықпыз және барлық сынақтарды еңсереміз. Мен әрбір отандасымның бойынан шынайы патриотизмнің, жоғары азаматтық жауапкершіліктің, іскерлікке деген адалдықтың үлгісін көремін. Міне, осы қасиеттер Әділ Қазақстанды табысты құрудың кепілі!" - деді Қазақстан Президенті ҚХА-ның ХХХІІ сессиясында сөйлеген сөзін аяқтай отырып.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети