Әлемдегі ең бай адамдардың бірі Қазақстандағы жоспары туралы: Белсенді жұмыс істеуге дайынбыз

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Adani Group компаниясының президенті Гаутам Адани Қазақстанда бірқатар инвестициялық жобаны іске қосу перспективаларын талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Adani Group компаниясының президенті Гаутам Адани Қазақстанда бірқатар инвестициялық жобаны іске қосу перспективаларын талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Көлік және логистика, энергетика, тау-кен металлургия кешені, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы және т. б. салаларда жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қаралды.

Премьер-министр мұның барлығы Қазақстан экономикасы үшін басым бағыттар екенін атап өтті.

"Осы орайда Adani Group-пен ынтымақтастықтың әлеуеті зор деп санаймыз және сіздің компанияңыздың біздің еліміздегі іскерлік байланыстарды кеңейту ниетін құптаймыз", - деді Әлихан Смайылов.

Ол республикада жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу және жалпы кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын айтты. Сонымен қатар, Үкімет Қазақстанда холдинг жобаларын іске асыру үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.

Өз кезегінде Гаутам Адани компания бірінші кезекте азаматтық авиация, мұнай-химия секторы, көлік-логистикалық инфрақұрылым, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және "жасыл" сутегін өндіру бойынша жобаларға қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.

"Біз ұзақ мерзімді инвестициялар салуға мүдделіміз және Қазақстанда қандай мүмкіндіктер, қандай жобалар бойынша ортақ қызығушылық барын білгіміз келеді. Біз белсенді жұмыс істеуге дайынбыз", - деді Гаутам Адани.

Adani Group – 1988 жылы Гаутам Адани негізін қалаған үнді көпұлтты конгломераты. Компаниялар тобы әлемнің 70 елінде бар және активтерінің жиынтық құны $100 млрд-ты құрайды. Конгломерат жұмыс істеген жылдары әлем бойынша 100 мыңнан астам тікелей және жанама жұмыс орнын құрды.

Еске салайық, Гаутам Адани Астанаға 13 желтоқсанда іссапармен келген болатын. Сол күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro