Қазақстандық белгілі альпинист Мақсұт Жұмаевтың экспедициясы Эверестегі базалық лагерьге жетті. Еске салайық, Жұмаев Жердің ең биік нүктесіне екінші рет шығуды жоспарлап отыр, алғаш рет ол 2007 жылы болып қайтқан. Осы жолғы экспедиция Астананың 20 жылдығына арналады. Жұмаев әлемнің барлық 14 шыңын бағындырған.

"Легерь теңіз деңгейінен 5000 метр биіктікте болғанымен, ол жерде айтарлықтай жайлы. Ас үй, жуынатын жер мен әжетхана бар. Альпинистер ырымшыл халық, тауда бәрі адамға байланысты бола бермейді. Көп дүниеге тігілген жерде өмірге деген көзқарас басқа болады. Сондықтан Эверестің базалық лагерінде сыйыну болады - тау рухына. Міндетті және салтанатты рәсім. Сыйынып болған соң лама альпинистердің мойнына дұға оқылған қызыл жіптерді іледі. Сонымен қатар, бұл рәсімге альпинистер өз заттарын ала келеді: аяқ киім таңбас үшін, шлем тас пен мұз тимесін деп, үзілмесін деген ырыммен арқан және тағы сол сияқты", - дейді Жұмаев.
Бұл лагерьде команда 1 мамырға дейін болады да, келесі базалық лагерьге аттанады.
Еске сала кетейік, 2007 жылы Мақсұт Жұмаев Эверестің солтүстік жағынан көтерілген болатын. Енді ол оңтүстік бетімен көтерілмек. "Шыңның оңтүстік бөлігіне көтерілу әлдеқайда қиын және қауіпті. Басты қауіпті - Кхумбу деп аталатын мұздық. Бұл әлемдегі ең қауіпті мұздық саналады. Сондай-ақ, осы жақта Лхоцзе деген аймақ бар - ол да қауіпті жер. Сондықтан болар шыңның оңтүстік бөлігінде альпинистер тоқтап, демала алатын лагерьлер саны аз және климатқа үйрену үрдісі де баяу жүреді", - дейді альпинист.