Әлемдегі ең жайлы түрмеде қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы Парламент Сенатының депутаттарына бас прокурордың орынбасары Жақып Асанов айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, жұмаққа баланған Монако Князьдығы түрмесі теңіз жағалауында орналасқан.
Әлемдегі ең жайлы түрмеде қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы Парламент Сенатының депутаттарына бас прокурордың орынбасары Жақып Асанов айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, жұмаққа баланған Монако Князьдығы түрмесі теңіз жағалауында орналасқан.
Бүгін сенаторлар Монако Князьдығымен қылмыстық істер жөнінде құқықтық көмек бойынша өзара келісімшартты бекітті.
"Монако Князьдығы кішігірім, қауіпсіз әрі бай мемлекет. Оның аумағы небәрі 2 шаршы шақырым - бұл Астанадағы EXPO нысандарына берілген жермен бірдей. Халқы - 37 мың адам. Бұған қарамастан онда 50 ірі банк жұмыс істейді. Онда тұруды қалаушылар көп, сондықтан да біз князьдықпен қылмыстық істер жөнінде үш келісімшартты бекітуді ұсындық. Дегенмен оларда түрме біреу-ақ. Ол теңіз жағасында орналасқан, онда барлық жағдай жасалған. Қазір ол жерде 9 адам ғана жазасын өтеп жатыр. Олардың ішінде қазақстандықтар жоқ", - деді Асанов.
"Біздің азаматтарымыз қайда болса да олардың қауіпсіздігі мен қамқорлықта болуы - Конституциямыздың негізгі талабы. Сондықтан да біз үш келісімшартты да бекітуді жөн көріп отырмыз. Олардың біреуіне қол қойылды", - деді бас прокурордың орынбасары.
Келісімшартқа биыл 5 наурызда Монте-Карлода қол қойылды.
"Бұл келісімшарт Қазақстанға не береді? Біз Монакода бөлек тергеу жүргізуге мүмкіндік алдық, мысалы куәгерден жауап алу, заттай айғақтарды тексеру, ақпаратты талап ету. Дегенмен бұлар жеткіліксіз, тараптар бір-біріне басқа да көмек көрсетуі мүмкін, ол тараптардың ұлттық заңына қайшы келмеуі керек", - деді Жақып Асанов.
Сонымен қатар, ол екі тарап та белгілі бір іс бойынша көмек көрсете алатынын мәлімдеді. Осыған байланысты келісімшартта бірнеше негіздер келтірілген.
Сенатор Серік Ақылбай құжатты бекітуді қолдады. "Жаңа ғана құжатты таныстырған адам бұл келісімшарттың неліктен кішкентай ғана мемлекетпен жасалып жатқанын түсіндірді. Біздің азаматтар ақшасын шетелде сақтайды. Оларды осындай жолмен қайтару механизмі бізді алаңдатады", - деді ол.
Айта кетейік, Интернетте Монако түрмесін әлемдегі ең элиталы деп атайды. Оны Интернетке жарияланған суреттерден байқауға болады.
© nikitskij.livejournal.com
Онда көбіне ресейліктер бар деген ақпарат пайда болды. Түрмеде ашық аспан астында салынған кинотеатр да бар.