Әлеуметтік желіде экстремистік сипаттағы фото және аудио таратқан қостанайлыққа айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде экстремистік сипаттағы фото және аудио таратқан қостанайлыққа айыппұл салынды

Қостанайлық тұрғынның әлеуметтік желідегі парақшаларынан экстремистік мазмұндағы фотолар мен аудиолар табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайлық тұрғынның әлеуметтік желідегі парақшаларынан экстремистік мазмұндағы фотолар мен аудиолар табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлер интернетті мониторинг жасап, 20 жастағы ер адамның парақшасынан діни мазмұндағы суреттер мен аудио жазбаларды тапқан. Дінтану сараптамасының нәтижелері бойынша, бұл материалдарда діни экстремизм идеологиясын насихаттауға және таратуға шақырулар бары анықталды.

"Қостанайдың 20 жастағы тұрғынының әрекетінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 453-бабының 4-бөлігінде көзделген "әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни алауыздықты қоздыруға бағытталған материалдарды ҚР аумағында сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату" әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілері анықталды", - деді Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері.

Сот шешімімен ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 194 460 теңге (70 АЕК) көлемінде айыппұл салынды. Қостанай облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы өңір тұрғындарына жеке басының қауіпсіздігі және жақындарының қауіпсіздігі мақсатында күмәнді сайттар мен топтарға кірмеуді сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети