Қазақстанда әлеуметтік желілердегі тіл тигізетін пікірлер үшін 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркельге сілтеме жасап.

Tengrinews.kz тілшісінің "Қазақстанда интернет-қолданушыны әлеуметтік желілердегі адамды сынаған және қорлаған пікірлері үшін жауапқа тартуға бола ма?" деген сұрағына Меркель: "сыни пікірі үшін мүмкін емес, ал тіл тигізгені үшін әбден мүмкін" деп жауап берді.
"Пікірде адамның қорланғанын сараптама анықтауы керек. Мұндай пікірлер жарияланғанда немесе діни нәрселер таратылғанда сараптама тағайындалады, сараптаманың қорытындысы бізге беріледі. Егер қорытынды бойынша тіл тигізу расталса, онда 129-бап бойынша (129-бап "Жала жабу") жауапқа тартамыз", - деді Меркель.
Бас прокурордың бірінші орынбасарының айтуынша, бұл - 500 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу қарастырылатын әрекет. 1 АЕК - 1852 теңге.