Әлеуметтік желілерде балаларға жасалатын буллингке тосқауыл қойылады. Мәжілісте заң жобасы мақұлданды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде балаларға жасалатын буллингке тосқауыл қойылады. Мәжілісте заң жобасы мақұлданды Фото:elements.envato.com

Мәжілісте әлеуметтік желілерде балаларға жасалған буллингке қатысты жазбалар мен пікірлерді бұғаттауға міндеттейтін заң жобасы мақұлданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжілісте әлеуметтік желілерде балаларға жасалған буллингке қатысты жазбалар мен пікірлерді бұғаттауға міндеттейтін заң жобасы мақұлданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл норма Мәжілісте екінші оқылымда мақұлданған бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасында жазылған.

"Платформалар, 100 мыңнан аса қолданушысы бар әлеуметтік желілер Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі кибербуллинг деректері бойынша өзара іс-қимыл жүргізетін өз өкілін тағайындауы тиіс. 

Мысалы, ата-ана АҚДМ-ға баласына әлеуметтік желілерде кибербуллинг жасалды деген арызбен жүгінсе, АҚДМ-да үш күн ішінде шаралар қабылдануы қажет. Осы үш күн ішінде олар ақпаратты тексеріп, әлеуметтік желі өкіліне жібереді. Өкіл 24 сағат ішінде балаларға қатысты кибербуллинг бар контентті, ақпаратты жоюы тиіс", - деп түсіндірді заң жобасын депутат Динара Закиева.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметінше, оқушылардың 12 пайызы буллингке ұшырайды. 11-15 жастағы балалардың 11 пайызы әлеуметтік желілердегі кибербуллингке қатысқан немесе осындай жағдайға ұшыраған. Былтыр кибербуллинг деректері бойынша 78 мың өтініш тіркелген.

Оның айтуынша, заң жобасы "кибербуллинг" және "қудалау" терминдеріне анықтама береді. Ол - қорлау сипатындағы жүйелі әрекеттер, қорқыту, қудалау, сондай-ақ, кез келген әрекетті жасауға немесе одан бас тартуға мәжбүрлеу. Бұл әрекет қоғамдық салада немесе телекоммуникация желісінде, сондай-ақ, әлеуметтік желілерді қолдана отырып, дәл осындай әрекеттер жасау арқылы жүзеге асады.

"Қазір ең ірі әлеуметтік желілермен келіссөздер жүргізілді. Олар - Facebook, Instagram, LinkedIn. Алдын ала мәліметтер бойынша, Гонконгта министрлік байланыста болатын өкілдер анықталды", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети