18 тамыз 2016 | 12:32

Әлеуметтік желілерде дауға айналған суреттен кейін пойыз басшысы қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алматы-Атырау" пойызының вагондарының бірінде адам жүретін жерде ұйықтап жатқандардың суреті Желіде көп талқыланған болатын. Дауға айналған суреттен кейін пойыз басшысы жұмысынан қуылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Жолаушылар тасымалы" АҚ басқарма төрағасы Нұрдәулет Қилыбай хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

"Алматы-Атырау" пойызының вагондарының бірінде адам жүретін жерде ұйықтап жатқандардың суреті Желіде көп талқыланған болатын. Дауға айналған суреттен кейін пойыз басшысы жұмысынан қуылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Жолаушылар тасымалы" АҚ басқарма төрағасы Нұрдәулет Қилыбай хабарлады.

Еске салайық, таяуда пойыз вагондарында билетсіз адамдардың балаларымен бірге ұйықтап жатқан сурет пайда болған еді. Суретті Желіге жүктеген адамның айтуынша, сурет 12 тамызда "Алматы-Атырау" (№041) хабарламасындағы пойызда түсіріліпті. 

"Бұл суреттің рас-өтірігі нақтыланбады. Бұған қарамастан, пойыз басшысы өз қызметінен босатылды", - деп хабарлады Қилыбай. 

"Жолаушылар тасымалы" АҚ басқарма төрағасының айтуынша, мұндай шаралар жолаушылардың бұл пойызда осындай жағдайлардың жиілеп кеткені туралы шағымдарынан кейін қабылданыпты. 

"Бұған дейін мұндай шағымдар келіп түскен еді, осыған байланысты оны басқа қызметке ауыстырдық. Енді ол учаске басшысы емес", - деді басқарма төрағасы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети