19 мамыр 2016 17:01

Әлеуметтік желілерде көтеріліп жатқан мәселелерге талдау жасалады - Сағынтаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ortcom.kz © Ortcom.kz

Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысының қорытындысын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысының қорытындысын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ брифингі барысында ол көп ұсыныстың түскенін, оның барлығы қарастырылатынын айтты. 1434 номеріндегі call-орталыққа 16 мамырдан бері 700-ден аса қоңырау түсіпті.

"Біз Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан штаб құрдық, сонымен қатар, хатшылар алқасы жұмыс істеп жатыр. Мұнда комиссия мүшелерінің де, аймақтардан түскен ұсыныстар да жинақталады", - деді ол. Сағынтаев әрбір сұрақтың талданатынын айтты.

"Осы жер реформасын талқылауда азаматтардың барынша белсенділік танытуын қалаймыз. (...) Қазір ақпарат құралдарында, оның ішінде әлеуметтік желілерде жарияланған ұсыныстарды қарап жатырмыз. Яғни, Елбасы айтқандай, Жер мәселесіне шын мәнінде алаңдап жатқандардың барлығы пікірін айтуы керек", - деп қоса кетті Сағынтаев.

Айта кетейік, жер реформасы жөніндегі комиссияның құрамына 75 адам кірген болатын. Олардың арасында түрлі саланың өкілдері бар. Комиссияның сенбі күні өткен алғашқы отырысы шамамен 7 сағатқа созылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети