09 сәуір 2014 | 17:44

Әлеуметтік желілерге сот шешімінсіз тыйым салынуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қазақстанда әлеуметтік желілерге сот шешімінсіз тыйым салынуы мүмкін. "Байланыс туралы" заңға енгізілген түзетулер арасында осындай норма қарастырылған деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда әлеуметтік желілерге сот шешімінсіз тыйым салынуы мүмкін. "Байланыс туралы" заңға енгізілген түзетулер арасында осындай норма қарастырылған деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Заң 41-1-бабымен толықтырылады - "Желілер мен (немесе) байланыс құралдарының жұмысын тоқтату тәртібі": "Желілер мен байланыс құралдары тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің мүддесіне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсатқа, сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы заңнамаларды бұзатын, экстремистік, террористік қызметке үндейтін, жаппай тәртіпсіздікке, белгіленген тәртіпті бұза отырып, бұқаралық шараларға қатысуға шақыратын ақпараттардың таралуына пайдаланылған кезде ҚР Бас прокуроры немесе оның орынбасары өкілетті органға желінің немесе байланыс құралының жұмысын, байланыс қызметін көрсетуді, интернет-ресурстарға және онда орналастырылған ақпараттарға қолжетімділікті уақытша тоқтату жөнінде шаралар қабылдай отырып, заңбұзушылықты жоюды талап етуге ұсыныс келтіреді", - делінген түзету мәтінінде. 

Бұған дейін Мәжіліс депутаттарының "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдары қызметі мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына Сенат енгізген түзетулерді мақұлдағаны хабарланған еді. Парламент "Байланыс туралы" заңға интернет пен ұялы байланысқа сот шешімінсіз тыйым салуға мүмкіндік беретін норма енгізді.

Ғаламдық желі мен байланыс құралына тыйым салудың негізі мен тәртібі туралы Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі Жохар Өтебеков түсіндіріп берді. "Бас прокурор немесе оның орынбасарлары желі мен байланыс құралын тоқтату туралы талапты ҚР Байланыс және ақпарат агенттігіне жолдайды. Бір сағат ішінде Агенттік байланыс операторларына және ведомствоға қарасты "Мемлекеттік техникалық қызмет" кәсіпорнына талапты таратады. Олар үш сағат ішінде аталған ресурстарды блоктауы тиіс", - дейді адвокат.

Оның айтуынша, бұрын сайттарды жауып тастау үшін сотқа шағымдану қажет болатын. "Қызметі тоқтатылуы мүмкін нысандардың ауқымы кеңейді. Тыйым WhatsApp, Twitter, "ВКонтакте", М-агент, Skype, басқа да әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге, онлайн-БАҚ-тарға, тағы басқаларға қатысты. Интернет пен ұялы байланыс түгел жауып тасталуы да мүмкін. Қажет болған жағдайда прокуратура барлық желі мен байланыс құралын ажырата алады. 

Заңға мұндай түзетудің енгізілуіне қоғамға айтарлықтай зиянын тигізетін жалған ақпараттардың таралуы мәселесінің өзекті болып тұрғаны себеп. Бұл елімізде бірнеше банктің банкрот болатыны туралы WhatsApp және басқа да байланыс желілерімен жалған хабарламалардың жаппай таралуына қатысты жедел жауап қату екені даусыз. 2 сәуір күні Сенат енгізген толықтыруларды Мәжіліс мақұлдады. Қабылданған заң Президенттің қол қоюына жіберілді. 

Еске салайық, ақпан айында девальвациядан кейін азаматтар WhatsApp желісі бойынша банктерге қатысты хабарламалар ала бастаған болатын. Онда банктердегі салымдарды түгел алу қажет екені айтылған. Ақпаратты кімнің таратқанын бірден анықтау мүмкін болмады. Жалған хабарламалардың әрекетінен қаржы ұйымдары едәуір зардап шекті. Бұл жайт Қылмыстық кодекстің жаңа жобасында қауесет тарату үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасының қарастырылуына түрткі болды. 


 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети