11 сәуір 2023 10:59

Әлеуметтік көмір бизнес субъектілеріне сатылған - министр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жылыту маусымының ең қызған шағында әлеуметтік көмірді бизнес субъектілеріне сату фактілері анықталды. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, еліміздің бес облысында (Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Алматы облыстары) 400 мың тоннаға жуық көмір шетке кеткен.

"Әкімдіктер тарапынан бақылаудың болмауына байланысты бірқатар өңірлік операторлар әлеуметтік көмірді мақсатсыз, яғни бизнес субъектілеріне сата бастады", - деді Қарабаев.

Қарабаев алдағы 2023-2024 жылдардағы жылыту кезеңінде коммуналдық-тұрмыстық көмірдің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында көмір өндіруші кәсіпорындарды қоспағанда, көмірді автокөлікпен және теміржол көлігімен әкетуді шектеуге бағытталған алдын алу шаралары қабылданып жатқанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети