Әлеуметтік төлемдер: кімдер ала алады және қалай өтініш беру керек?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік төлемдер: кімдер ала алады және қалай өтініш беру керек? Фото © Tengrinews.kz / Турар Казангапов

2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 54 мың отбасындағы 290,6 мың адамға 30,3 миллиард теңге сомасында тағайындалды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 98,4 миллиард теңге қарастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 54 мың отбасындағы 290,6 мың адамға 30,3 миллиард теңге сомасында тағайындалды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 98,4 миллиард теңге қарастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, АӘК мыналарды көздейді:

  • табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
  • табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 90,5 мың балаға 3,7 миллиард теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
  • жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Ведомство мәліметінше, қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети