"Алғабас-6" ықшамауданындағы барлық үй нығайтылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алғабас-6" ықшамауданындағы барлық үй нығайтылады © Tengrinews.kz

Алматыда құрылысшылар "Алғабас-6" ықшамауданындағы барлық үйдің іргетасын нығайтады, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы қала құрылысы басқармасының басшысы Мұхамедғарип Құрманғалиевке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда құрылысшылар "Алғабас-6" ықшамауданындағы барлық үйдің іргетасын нығайтады, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы қала құрылысы басқармасының басшысы Мұхамедғарип Құрманғалиевке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, құрылысшылар тоғыз көпқабатты үйдің іргетасын бекітеді. Қазірдің өзінде онда жерді түзулеу жұмыстары жүргізілгендігі байқалатынын айтты.

Сондай-ақ, көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындарына Саялы ықшамуданына уақытша көшу туралы ұсыныс та айтылған. Айта кетейік, үйлердің іргетасын бекіту жұмыстарының шығынын мердігерлік ұйымдар өз мойындарына алған.

Еске салайық, маусым айында Алғабастағы көпқабатты үйлердің қисайып жатқаны туралы хабарланған болатын. ҚР ІІМ ТЖД баспасөз хатшысы Руслан Иманқұловтың айтуынша, үйдің қисайғаны жайлы мәлімет тұрғындардан келіп түскен. "Алғабас-6" ықшамауданы, тоғыз қабатты екі кіреберісі бар тұрғын үй. Үйдің қисайып қалғаны жайлы мәлімет болды. Визуалды түрде үйдің қисайғаны байқалады, алайда оның қаншалықты қисайғанын мамандар анықтайды. Қазір олар оқиға орнына шығып кетті. Бұл мамандар тұрғындарды эвакуациялау бойынша шешім қабылдады", - деді Иманқұлов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети