Алғабас ауылындағы трагедия: зардап шеккен бір адам Шымкентке жеткізілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алғабас ауылындағы трагедия: зардап шеккен бір адам Шымкентке жеткізілді

Алғабас ауылындағы өрттен зардап шеккен адам Шымкентке тікұшақпен жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алғабас ауылындағы өрттен зардап шеккен адам Шымкентке тікұшақпен жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

Қазавиақұтқару авиациялық қызметінің тікұшағы Түркістан облысының Жетісай ауданынан Шымкентке санитарлық рейс орындады.

"Рейс барысында Түркістан облысындағы өрт салдарынан зардап шеккен, 1990 жылы туған әйел Шымкенттегі гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді. Гипербариялық орталық Шымкентте орналасқан, ал Жетісай ауданында шұғыл медициналық көмек көрсетуге қажетті арнайы жабдықтар жеткіліксіз болғандықтан, науқасты тасымалдау қажет болды", - делінген хабарламада.

Қону сәтінен кейін әйел арнайы мамандандырылған дәрігерлердің бақылауына тапсырылды.

Еске салайық, 18 қарашада Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам қаза тапты, тоғызы - бала.

Кейін қайғылы жағдайға байланысты Үкімет комиссиясы құрылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети