"Алғабастағы" апатты үй сүрілетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алғабастағы" апатты үй сүрілетін болды © Айнаш Өндіріс

Алматы қаласында "Алғабастағы" апатты үй сүріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктегі баспасөз қызметінен. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Сұлтанбек Мәкежанов хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласында "Алғабастағы" апатты үй сүріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктегі баспасөз қызметінен. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Сұлтанбек Мәкежанов хабарлады.

"Құрылыс кезінде құрылыс жағдайының ережесі бұзылған, топырағын нығайту жұмыстары қарастырылмаған, осыған байланысты ғимарат қисайды және топырақ отырып қалды. Комиссия құрылыс жағдайында ереже бұзылғандықтан мердігер компания баспананы қайта қалпына келтіруі керек немесе басқа жерден баспана беруі тиіс деген шешім шығарды", - деді Мәкежанов.

Еске салайық, Алматыда жаңадан салынған үйдің тұрғындары түндеэвакуацияланған болатын. ТЖ Алатау ауданындағы Алғабас ықшамауданында (Момышұлы және Ақын Сара көшелерінің қиылысы) болды. Тұрғындардың айтуынша, толастап жауған жаңбырдан үйдің жертөлесіне су толып қалған. ҚР ІІМ ТЖК мәліметінше, үй астындағы жер отырып қалған және содан үй қисайған. Бұл үйде шамамен 200 адам тұрады. Түні бойы оқиға орнында қалалық жедел қызмет өкілдері кезекшілік етті.

"Астана құрылыс" компаниясының бас директоры Бекболат Амантурлин Алматының Алғабас ықшамауданында орналасқан тұрғын үйдің қисаюына қатысты пікір білдірген еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети