29 қаңтар 2021 11:06

Алғабастағы тағы 10 үйдің іргетасын нығайту қажет

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

2019 жылғы желтоқсанда орнынан қисайды деген Зерделі шағын ауданында жеті үй нығайтылды (бұрынғы Алғабас - еск.). Тағы он үйдің іргетасын нығайту жоспарда бар. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2019 жылғы желтоқсанда орнынан қисайды деген Зерделі шағын ауданында жеті үй нығайтылды (бұрынғы Алғабас - еск.). Тағы он үйдің іргетасын нығайту жоспарда бар. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімі Зерделі тұрғындарының проблемасы назардан тыс қалмағанын жазды.

"ҚазҚСҒЗИ мамандарының қорытындысы бойынша 2020 жылы жеті үйдің іргетасы нығайтылды. Қосымша тағ 10 үйді нығайту жоспарда бар. Жұмыстың бәрін технология, құрылыс нормалары мен талаптарына сай жүргізу тапсырылған. Осыдан кейін балалардың ойын және спорт алаңы ретке келтіріліп, орындық және жарық орнату арқылы 13 аула жөнделеді", - деп хабарлады Сағынтаев.

Үйлердің қисаюынан бөлек тұрғындарды үй жанында салынып жатқан құрылыс жұмыстары мазалайды. Жеке компаниялар тұрғын үй жанынан ғимарат құрылысын бастаған. Қала тұрғындары мұны қауіпті деп санайды.

Қала әкімінің айтуынша, тұрғындарды мазалаған құрылыс салу мәселесі қарастырылады. Зерделі шағын ауданында үйлерге жанасып жатқан сегіз учаске тәркіленеді.

Алатау ауданындағы Нұркент шағын ауданы тұрғындары үйлердің қасбеті құлап, балалардың басына түсуі мүмкін деп жиі шағымданады. Қала басшысы 2021 жылы 18 үйдің қасбетін жаңарту және 5 ауланы жөндеу жоспарланғанын айтты.

"Сонымен қатар, Нұркент ықшамауданында 43 және 72-үй арасында жер телімі тәркіленеді, онда жеке тұрғын үй тұрғызылмақ болған. Бұл жерде балабақша саламыз", - деп атап өтті Сағынтаев.

Айта кетейік, 2019 жылғы желтоқсанда Алматыдағы көпқабатты үйдің бірінің тұрғындары үй іргетасына шағымданды. Тұрғындар уақытша жалдамалы пәтерге көшіріліп, ғимаратты мамандар тексерді. Нәтижесінде №179 үй 31 сантиметрге қисайғаны белгілі болды. 2020 жылғы шілдеде ҚазҚСҒЗИ жақын тұрған ғимараттарды тексеру нәтижесі бойынша ол үйлерді де нығайтуды қажеттігін хабарлады.

Сонымен қатар, Алғабастағы ғимараттардың бірінің қаптауы құлаған еді. Онда үйлер мәселесі шешілмеген күйінде қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети