09 ақпан 2021 | 09:07

Алғабастағы үйдің қисаюы: тергеу неге ұзарып кетті?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зерделі (бұрынғы Алғабас) шағынауданындағы үйлердің қисаюы бойынша тергеу бір жылдан аса уақыт бойы жүргізіліп келеді. Алматы прокуратурасы тергеудің неге ұзаққа созылғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Зерделі (бұрынғы Алғабас) шағынауданындағы үйлердің қисаюы бойынша тергеу бір жылдан аса уақыт бойы жүргізіліп келеді. Алматы прокуратурасы тергеудің неге ұзаққа созылғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокуратура өкілдері сарапшының қосымша материалдарды ұсыну туралы өтінішіне байланысты 2020 жылы тағайындалған қосымша сот-құрылыс сараптамасы тоқтатылғанын хабарлады.

"Жоғарыда көрсетілген сараптама нәтижесі болмай күдікті тұлғаларға мәртебе беру мәселесі және істі сотқа жіберуге ерте. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы бойынша "сотқа дейінгі тергеу деректерін жария етуге жол бермеу" талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейді", - деді Алматы прокуратурасындағылар.

Айта кетейік, 2019 жылғы желтоқсанда Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары үй іргетасына шағымданды. Тұрғындар уақытша жалдамалы пәтерге көшіріліп, ғимаратты мамандар тексерді. Нәтижесінде №179 үй 31 сантиметрге қисайғаны белгілі болды. 2020 жылғы шілдеде ҚазҚСҒЗИ жақын тұрған ғимараттарды тексеру нәтижесі бойынша ол үйлерді де нығайтуды керегін хабарлаған.

Сонымен қатар, Алғабастағы ғимараттардың бірінің қасбеті құлаған еді. Онда үйлер мәселесі шешілмеген күйінде қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 513.05   541.44   4.69 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети