Алматыдағы "Алғабас" ықшамауданында бес қабаттан асатын үйлер салуға тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2016 және 2017 жылдары мұндағы үйлер қисайғаннан кейін жергілікті билік осындай шешім шығарды.
Алматыдағы "Алғабас" ықшамауданында бес қабаттан асатын үйлер салуға тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2016 және 2017 жылдары мұндағы үйлер қисайғаннан кейін жергілікті билік осындай шешім шығарды.
Алатау ауданының әкімі Шахмерден Рыспаевтың сөзінше, "Алғабас" ауданындағы төғыз қабатты үйлердің барлығында іргетасты нығайту жұмыстары жүргізілді.
"Қисайған № 1/136 үйдің тұрғындары көшірілді. Бұл үй "Астана-құрылыс" компаниясына берілді, олардың жаңадан салынған үйлерінде апатты үйден көшірілгендер тұрады. Қазір адамдар жаңа пәтерлерінің құжаттарын рәсімдеп жатыр. Басқа үйлердің барлығында іргетас нығайтылды, қазір қауіп жоқ. Арық жүйесі де жасалды, тротуар салу жалғасып жатыр", - дейді қалалық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу кезінде Алматының Алатау ауданы әкімі Шахмерден Рыспаев.
Аудан әкімі құрылыс компаниясына тағы бір мүмкіндік беріліп, лицензиясынан айырылмағанын атап өтті.
"Инженерлік сараптамадан кейін бұл ауданда үйдің биіктігіне шектеу қойылды: бес қабаттан артық ғимарат салуға болмайды", - деп түйіндеді әкім.
"Алғабас" ауданындағы алғашқы үй 2016 жылдың 2 маусымында қисайған болатын. Үйді "Астана құрылыс" компаниясы 2014 жылы салған. Ал адамдар ол үйе мемелекеттік бағдарлама бойынша 2015 жылдан бастап тұрып келді. 2017 жылдың мамырында Алматы құрылыс басқармасының жетекшісі Мұхамедғәріп Құрманғалиев бұл үйді құрылысшылардан қабылдап алған шенеуніктердің бірде-бірі әлі жазаланбағанын мәлімдеген еді.
2017 жылдың мамырында "Алғабас" ықшамауданының тұрғындары тағы бір үйдің қисайғанын хабарлаған.