09 шілде 2018 | 11:00

Алғашқы миллионер кім болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда лотерея қатысушыларының саны екпінді өсуде, сату орындарында күн сайын мыңдаған билеттер сатылуда. Сәйкесінше, жеңімпаздардың саны да артып келеді. "Алайда бас жүлделер өз иесін әлі таппады", - деп хабарлайды "Сәтті Жұлдыз".


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда лотерея қатысушыларының саны екпінді өсуде, сату орындарында күн сайын мыңдаған билеттер сатылуда. Сәйкесінше, жеңімпаздардың саны да артып келеді. "Алайда бас жүлделер өз иесін әлі таппады", - деп хабарлайды "Сәтті Жұлдыз".

Қызылордалық Аида Қуандық лотереяны жиі ойнайды. Екінші курс студенті бұған дейін бірнеше рет 10 мыңнан 50 мың теңгеге дейінгі ұтыстарға ие болған. Алайда соңғы ойыны аса сәтті түсіп, ұтыс тігуіне 100 теңге жұмсаған Аида 550 000 теңге ұтып алған. Ол ұтысын Қызылорда қаласындағы Smallсауда үйінде тіккен. Бұл нағыз қуаныш екендігін студент қыз жасырмады. Аиданың айтуынша, ұтып алған ақшаны ол ата-анасына береді.

Тағы бір жеңімпазымыз, Астана тұрғыны, есімін жариялаудан бас тартса да, жүйелі ұтыстарының құпиясымен қуана бөлісті. Мамандығы математик жеңімпаздың айтуы бойынша: "Әркімнің өзіндік ойын стратегиясы бар. Менің тәсілім нәтижелі болып табылады. Әрдайым 50-60 мың ұтып тұратынымды сатушы да дәлелдейді". Осы жолы, оның ықтималдық теориясына негізделген стратегиясы "KENO" күнделікті лотереясынан 550 000 әкелді. Ұтыс тігуі Астана қаласындағы Алматы ауданының ХҚКО-да жасалған.

Алматылық Палик Антоний лотереяны бұрыннан ойнайды. Оның тираждық және лездік ойындарға қатысты  едәуір жемісті стратегиясы бар. Бұл азамат компания офисында 100 800 теңге алып, арасын бір аптаға жеткізбей тағы 196 250 теңге алған. Сонымен қатар, Антоний жүйелі түрде "Сәтті Жұлдыз" сауда орындарынан 100 000 теңгеге дейінгі ұтыстардыалып тұрады. Ұтыстар басқалардың қолына түспес үшін, Антоний стратегия құпиясын жария еткісі келмеді.

Қызықты жағдай Қарағандыда орын алды. Қаланың бір азаматы бұған дейін ұтыс тігуін жасағанын ұмытып, тағы бір билет сатып алып, қайтадан сол нөмірлерді белгілеген болатын. Ұтыс тігуі екі есе сәтті болып, әрқайсысынан ол 228 000 теңге, жалпы сомасы 456 000 теңге ұтып алған.

Сонымен қоса, Павлодар қаласының тұрғыны «LOTO 6/49» лотереясынан 448 000 теңге ұтып алды.

Астаналық Зағира Мұсаділова "Сәтті Жұлдыз" лотереясын жақында ғана таныды. Лотерея нарығында бір жылдан астам уақыт бойы орын алған тыныштықтан кейін, ол жаңа оператордың пайда болғанын білмепті. Бар-жоғы екі апта бұрын әлеуметтік желіде адамдардың жағымды пікірлерін көріп, отандық бұл компанияға сенуге болады деп шешіп, сату нүктесіне барды. Бірінші билет сәтті шықты. Сол мезетте Зағира іштей "бұл менің алғашқы, бірақ соңғы ұтысым емес" деді. Екінші билеттен 10 000 шықты. Үшінші билеттің нәтижесін көруге барған астаналық өз көзіне сенер сенбесін білмеді. Экранда "550 000 теңге" деген жазу шықты. Ұтыс ақшасын Зағира тауар айналымына жұмсады. "Егер супержүлдені ұтып алсам, бірінші кезекте пәтер сатып аламын", - дейді ол. Зағира ұтысын Астанадағы "Артем" нарығында тікті.

"Сәтті Жұлдыз" компаниясы аналитиктерінің мәліметтері бойынша, соңғы кездері ұтыстар еліміздің өңір-аймақтарында көптеп шығып жатыр. Алдыңғы кездері ұтыстардың көбісі Алматыдан шыққан, ал қазір Астана, Шымкент, Семей, Тараз, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар тұрғындарының ұтыстары сәтті болып жатыр. "Алайда миллионерлер әлі де анықталмады", - дейді "Сәтті Жұлдыз" қызметкерлері. "Біз тираждық және лездік лотерея миллионерлерінің тезірек анықталғанын күтіп отырмыз. Олар үшін біз арнайы құттықтау бағдарламасын дайындап қойдық", - деп бөлісті компания басшылығы. Миллионерлер саны кем дегенде 7 болмақ.

Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети