09 маусым 2022 | 12:20

Әли Алтынбаев ҰҚК төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әли Алтынбаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Әли Алтынбаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Әли Сапарғалиұлы Алтынбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Әли Алтынбаев 1979 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Бақбақты ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2015 жылы Тұран университетін "Құқық тану" мамандығы бойынша және 2019 жылы Ресей Федерациясы президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын "Мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Еңбекшіқазақ ауданы Салық комитетінің жанама салық бөлімінің салық инспекторының міндетін атқарушы қызметінен бастаған. 2001-2009 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған. 2009-2010 жылдары Алматы облысы Салық департаментінің Салық аудиті басқармасы заңды тұлғалар аудиті бөлімінің басшысы болған. 2010 жылы Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық басқармасының жеке кәсіпкерлердің ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығының бөлім басшысы қызметін атқарған. 2010-2014 жылдары Алматы қаласы Салық департаментінде түрлі лауазымдарды атқарған. 2014-2015 жылдары Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде басшылық қызметтер атқарған. 2015-2017 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болған, 2017-2019 жылдары Алматы қаласы Наурызбай ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметін атқарған. 2019-2020 жылдары ҚР ҚМ МКК Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, ал 2020-2021 жылдары ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаментінің басшысы. 2021 жылғы наурыздан бастап 2021 жылғы мамырға дейін ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы қызметін атқарған.

2021 жылғы 13 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болған.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай медальдармен және ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің "Салық қызметінің үздігі" төсбелгісімен наградталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети