Әлихан Бәйменов Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлихан Бәйменов Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әлихан Мұхамедияұлы Бәйменов Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл тағайындау ҚР Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы Келісімге сәйкес келеді және БҰҰ-ның Қазақстандағы Үйлестіруші-Резидентімен келісілген",- делінген хабарламада.
Бұдан бұрын Әлихан Бәйменов Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы лауазымын атқарған. Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаржы полициясын таратып, оның сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктерін жаңадан құрылатын Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне беру туралы шешім қабылдағанын хабарлаған. Бұл ретте экономикалық және қаржылық құқық бұзушылық мәселелері Қаржы министрлігіне берілді.
Елбасы жаңадан құрылған Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне Қайрат Қожамжаровты тағайындады. "Оның аппаратта да, жемқорлыққа қарсы күрес саласында да жұмыс тәжірибесі мол. Менің ойымша, ол әсіресе екіншісінде айтарлықтай жақсы нәтижелерге қол жеткізеді. Мемлекеттік қызмет Әлихан Бәйменовке жүктелді. Ол өз жұмысын жалғастырады, егер ол осы агенттіктің орынбасары қызметін атқарса", - деген болатын Н.Назарбаев. Сонымен бірге бұл ретте Елбасы қаржы полициясының басшысы Түсіпбековтің де "көшеде қалмайтынын" айтып, оған басқа қызмет ұсынған.