04 қыркүйек 2020 16:43

Әлихан Бөкейханның TikTok-тағы анимациялық суреті қазақстандықтарды ашуландырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

TikTok-тағы "Алаш" партиясы көшбасшыларының бірі, қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың қайтыс болар алдындағы суретінен әзіл анимация жасалған видео қазақстандықтардың наразылығын тудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


TikTok-тағы "Алаш" партиясы көшбасшыларының бірі, қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың қайтыс болар алдындағы суретінен әзіл анимация жасалған видео қазақстандықтардың наразылығын тудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазнетте тарихи тұлғаның суреті қолданылған видеоларды көріп, алғашқылардың бірі болып пікір қалдырған - Instagram-дағы "Белгісіз Қазақстан" парақшасының авторы Диас Камериданов.

"Мен, әрине, заманауи трендтерге қарсы емеспін, бірақ бізде қол тигізуге болмайтын қасиетті нәрселер болу керек қой. Айтпақшы, бұл біздің көшбасшымыз Әлихан Бөкейханның Бұтыр түрмесінде атылар алдында түсірілген соңғы суреті. Өкінішке қарай, олар үшін "Алаш" идеясы бөтен және бейтаныс тұтас бір ұрпақ өсті. Бұл тек жастар емес. Ал сіз қалай ойлайсыз? Мұндай әзілдерге жол беруге бола ма?" - деп жазған ол.

Осыған ұқсас видео Қазақстанның қоғам қайраткері, ғалым Ахмет Байтұрсыновтың портретімен де жасалған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Диас | Неизвестный Казакстан (@unknownkazak)

Видео Желіде кеңінен талқыланды.

Tengrinews.kz тілшісі "Белгісіз Қазақстан" парақшасының әкімшісімен байланысып, қазақ халқының жерге, өзін-өзі басқаруға, ұлттық тіл мен мәдениетті сақтаудағы құқығын қорғаған саяси қайраткерлердің суреттерін осындай әзілге пайдалану жөнінде пікірін сұрады.

Танымал парақшаның авторы Әлихан Бөкейхановтың басқа суреті қолданылса, видеоға аса назар аудармасын айтты.

"Бәрін түсінемін, заманауи технологиялар... Қалай болғанда да, олар жастардың назарын тарихқа, тұлғаларға аударды. Бірақ суреттің өзі ол қайтыс боларда, атылғанға дейін жеке іс қағаз үшін түсірілген. Бұл суреттің тарихы ауыр...", - деді Диас Камериданов.

"Өкінішке қарай, адамдардың көбі Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсыновтың кім екенін және олар ел үшін не істегенін білмейді. Қайталап айтамын, бұл өте ауыр сурет, әсіресе Алаш Орда тарихына қызығушылық танытатын адамдар үшін.

Мен жас жігіттер көзіне түскен алғашқы суретті жүктей салды деп ойладым. Олар бұл үшін қазір өкінетін де шығар. Екінші жағынан, бұл суреттің тарихын қаншама адам білді. Менің ойымша, қоғамда әзілдеу орынсыз келетін тақырыптар болуы тиіс, мысалы, аштық, репрессия. Мұндай тақырыптарды әзіл түрінде көрсету - құрметсіздік", - дейді Диас Камериданов.

Ол сонымен қатар, өзі жасаған сауалнама нәтижесін бөлісті. Диас Камериданов Әлихан Бөкейханұлы көшесінде жүріп, адамдардан бұл көше кімнің атына берілгенін сұраған екен.

"Біз 30-ға жуық адамнан сұхбат алдық, Әлихан Бөкейханның кім екенін тек бір адам айтып берген. Оны тіпті саяси қайраткер немесе жазушы деп жауап бере алмады. Мен нақты деректер айтуды талап еткен жоқпын. Бұл екі фактор - фото және адамдардың оның өмірбаянын білмеуі Instagram-да осындай хабарлама жазуға итермеледі", - деп қосты Диас.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети