18 тамыз 2014 12:57

Әлихан Смайылов өз ұжымын алты пайызға қысқартуға дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлихан Смайылов. ©ortcom.kz Әлихан Смайылов. ©ortcom.kz

Бұрынғы статистика агенттігінің басшысы өз ұжымын 6%-ға қысқартуға дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайыловқа сілтеме жасап


Бұрынғы статистика агенттігінің басшысы өз ұжымын 6%-ға қысқартуға дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайыловқа сілтеме жасап

Оның айтуынша, министрліктер мен агенттіктердің саны қысқартылғаннан кейін статистика агенттігі Ұлттық экономика министрлігіне бөлек бір комитет ретінде кіріп, қазір қайта құру жұмыстары жүргізілуде. "Біз өз штатымызды қысқартып жатырмыз. Осыған орай, ұжымның 6%-ын қысқарту бойынша тиісті ұсыныс берілді. Әрине, бұл соңғы шешім емес. Ол жұмыс ұлттық экономика министрлігі аясында атқарылатын болады. Меніңше, жақын күндері біз қызметкерлердің нақты санын анықтап, халыққа жариялайтын боламыз", - деді бүгін Смайылов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Комитет басшысының сөзіне қарағанда, қысқартуға жататын қызметкерлердің 6%-ы шамамен 20 адамды құрап отыр. Олардың барлығы - орталық аппарат қызметкерлері.

Айта кетейік, осы айдың басында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев министрліктер мен агенттіктердің қысқартылатынын мәлімдеді. Сөйтіп, 17 министрлік, 9 агенттік пен 54 комитеттің орнына 12 министрлік пен 30 комитет қалды. Ықшамдалған ведомстволардың арасында бұрынғы Статистика агенттігі де бар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети