Әлихан Смайылов премьер-министр қызметінде қала ма? Саясаттанушы ойын айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

"Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры, саясаттанушы Андрей Чеботарев Әлихан Смайыловтың премьер-министр қызметінде қалуы не қалмауына қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры, саясаттанушы Андрей Чеботарев Әлихан Смайыловтың премьер-министр қызметінде қалуы не қалмауына қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Саясаттанушының сөзінше, Смайылов қызметте қалады не қалмайды деп нақты кесіп айтуға болмайды.

"Біріншіден, Әлихан Смайылов бірден қаңтар оқиғасынан кейін қызметке келген адам. Сондықтан ол басқарған Үкімет негізінен, елдегі жағдайды тұрақтандыру мәселелерімен айналысуға мәжбүр болды және олардың көпшілігімен ол азды-көпті жұмыс істей білді. Одан бөлек, оның алдындағы премьер-министрлерге қарағанда Смайыловтың бұл қызметте отырғанына 1,5 жылдай ғана болды. Сондықтан отставкаға кетуі мүмкін деп ойламаймын. Яғни қызметіне қатысты әлі істеуі қажет дүниелерді істеп үлгермеді. Оның орнына келетін адам тізімі де аз деп ойлаймын.

Екінші жағынан, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы халыққа Жолдауларында және сайлау алдындағы бағдарламасында белгіленген Қазақстанның одан әрі дамуы туралы пайымы, сондай-ақ ел экономикасы үшін сыртқы сын-қатерлер оның қызметіндегі сапалы жаңа күн тәртібін белгілейді. Демек, осы күн тәртібін жүзеге асыра алатын адамдарды тарта отырып, кадрларды жаңарту қажет. Сонымен қатар, Президент былтыр да, кеше де Үкіметті сынға алды", - дейді Чеботарев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro