Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Алик Айдарбаев Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Алик Айдарбаев Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін ұжымға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі болып тағайындалған Алик Айдарбаевты таныстырдым. Алик Айдарбаев мемлекеттің маңызды салаларында қызмет атқарып келе жатқан аса тәжірибелі тұлға. Елбасының сеніміне ие болған мықты ұйымдастырушы, іскер басшы ретінде өзін Маңғыстау облысының әкімі болып тұрғанда және оған дейінгі қызметтерінде жан-жақты көрсеткен еді. Ендігі ретте Алик Серікұлын тағы да үлкен жұмыстар, жаңа міндеттер күтіп тұр. Аса тәжірибелі маманның келуімен министрлік жұмысы одан әрі жанданып, Мемлекет басшысы мен Үкімет алдындағы міндеттерді ойдағыдай атқаруға атсалысады деген сенімдемін", - деді Жеңіс Қасымбек.
Алик Айдарбаев 14 наурызда Мемлекет басшысының жарлығымен Маңғыстау облысының әкімі қызметінен босатылған еді. Ал Маңғыстау облысының әкімі болып осыған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметін атқарған Ералы Тоғжанов тағайындалған болатын.