ПОДЕЛИТЬСЯ
16 сәуір 2021 | 11:24
Алик Шпекбаев қызметінен босатылды
Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа басшысы Бас прокурордың бұрынғы орынбасары Марат Ахметжанов болды.
Алик Шпекбаев 1957 жылы 4 шілдеде Алматы облысында дүниеге келген.
1978 жылы слесарь-сантехник болып жұмыс істеген.
Құқық қорғау органдарында 1980 жылдан бастап жұмыс істейді. 1995-1997 жылдары Алматы облысы бойынша мемлекеттік қызмет және кадрлар бөлімдері бастығының орынбасары, Алматы облысы бойынша мемлекеттік қызмет және кадрлар департаменті аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бастығы болды.
2000-2003 жылдары Алматы облысы ішкі істер басқармасы бастығы, 2003 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстанның ішкі істер министрінің орынбасары болып жұмыс істеді.
2008-2014 жылдары Президент Әкімшілігі құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болды.
2014-2015 жылдары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары, 2016 жылғы 12 қаңтардан 28 қыркүйекке дейін Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары болған.
2016 жылғы 28 қыркүйектен бастап - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.
2017 жылғы 11 желтоқсанда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі ведомствоға бөлінгеннен кейін 2019 жылғы маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также