1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы тағайындалды 16 сәуір 2021, 11:20

Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Марат Ахметжанов. Фото: gov.kz Марат Ахметжанов. Фото: gov.kz

Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалсын", - делінген қаулыда.

Ол бас прокурордың орынбасары қызметінен босатылды. Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Алик Шпекбаев қызметінен кетті.

Марат Ахметжанов 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген. Білімі жоғары, Евней Арстанович Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Шені - 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі. 

Еңбек жолын 1991 жылы алдымен тағылымгер болып, содан кейін Теміртау прокуратурасының тергеушісінен бастаған.

1993-1996 жылдары - Бас прокуратура жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокуратураның аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, Бас прокуратураның Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасы аймақтық тергеушілер бөлімінің бастығы болған.

1996-1997 жылдары - Мемлекеттік тергеу комитетінің Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бөлім бастығы, Мемлекеттік тергеу комитетінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.

1997-1998 жылдары - Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.

1998-2001 жылдары - Тергеу департаменті директорының орынбасарыжәнеӘділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау комитеті төрағасының орынбасары.

2001 жылы - Бас прокуратураның Тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы.

2003-2006 жылдары - Павлодар облысының прокуроры.

2006-2009жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры.

2009-2012 жылдары - ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы.

2012 жылы - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары.

2014-2016 жылдары - Атырау облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы,Атырау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің басшысы.

2016 жылдың 2 маусымынан бастап - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram