Алимент төлемеген павлодарлық пәтерінен айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алимент төлемеген павлодарлық пәтерінен айырылды Фото: dailynews.kz

Борышкер баласына жалпы сомасы 1,6 миллион теңге сомасында қарыз болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Борышкер баласына жалпы сомасы 1,6 миллион теңге сомасында қарыз болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

Ер адамның 2018 жылдан бері баласына алимент төлемегені белгілі болды.

Павлодар облысы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының мәліметінше, борышкердің банк шоттарында қаражаты және зейнетақы аударымдары болмаған.

"Борышкер бірнеше рет жеке сот орындаушысына шақырылып, баласын асырауға алимент төлеу қажеттілігі туралы ескертілген. Алайда ол жеке сот орындаушысының талабын мүлдем елемеген. Осыған байланысты Павлодар облысының жеке сот орындаушысы Екібастұз қалалық сотына жылжымайтын мүлікті өндіріп алу туралы ұсыныс енгізді, - дейді палата өкілдері.

Кейін электронды аукцион қорытындысы бойынша тұрғынның пәтері 3 миллион 8 мың 460 теңгеге сатылып, алимент бойынша 1,6 миллион теңге мөлшеріндегі қарыз толық өтелген.

Айта кетейік, осыған дейін Екібастұзда ер адам алимент төлемегені үшін 4 бөлмелі пәтерінен айырылған еді.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети