Алимент төлемей жүрген астаналық әйелдің көлігі тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық Әділет департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алимент төлемей жүрген астаналық әйелдің көлігі тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық Әділет департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елордалық мемлекеттік сот орындаушылары алимент төлемейтіндердің көліктерін тәркілей бастады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Әділет департаментіндегі мемлекеттік сот орындаушылары 139 көлікке іздеу жариялады. "Мемлекеттік сот орындаушыларының көлік құралдарын іздестіру туралы қаулысы орындалу үшін Астана қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасына және жергілікті полиция қызметіне жіберілді", - деді Әділет департаменті басшысының орынбасары Арынғазынов.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, 19 көлік тәркіленген. "Бір көлік құралы борышкердің келісімімен өндіріп алушыға жіберілді. Оның 1 миллион теңге көлемінде қарызы бар. Осы жылдың 26 сәуірінде әйел адамның көлігі тәркіленді. Оның 2014 жылдың қыркүйегінен бері кәмелетке толмаған екі баласының алиментін төлемегені белгілі болды. Алимент көлемі - 1 191 754 теңге", - деді Астананың Әділет департаментіндегілер.
© Астана қалалық Әділет департаменті