23 қыркүйек 2016 13:15

Алимент төлемей отырған борышкерлер үшін тәртіп қылмыстық және әкімшілік тұрғыда күшейтіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mamaclub.kz © mamaclub.kz

Борышкерлердің елден шығуына шектеу қою айрықша жағдайларда ғана қолданылуы тиіс деп есептейді Жеке сот орындаушыларының республикалық палата басқармасының төрағасы Сергей Ли "Сот актілерін орындауды заңнамамен қамтамасыз ету" тақырыбындағы халықаралық конференция барысында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап.

"Бүгінде алимент төлемей отырған борышкерлер үшін тәртіп қылмыстық және әкімшілік тұрғыда күшейтіледі. Сондай-ақ, палата әкімшілік айыппұл салу мәселесін көтереді, себебі тұрғындардың барлық шағымы жеке сот орындаушыларының қызметіне бағытталған, ол елден шығу, аз сома үшін мүлікке тыйым салу мәселелері. Біз бұл мәселені борышкерлер өз қарыздарын уақытылы өтеуі үшін көтеріп жатырмыз, демек міндеттеуге жеткізбей төлеген дұрыс", - деді С.Ли.

Палата төрағасының айтуынша, Қазақстаннан шығуға тыйым салуды тек айрықша жағдайда ғана қолдану мәселесі көтеріледі.

"Айрықша жағдай ретінде: заңда 20 АЕК құнындағы шекті сома көрсетілген, біз бұл соманың құнын ұлғайтқымыз келеді, себебі біз кезінде жол полициясы, мемлекеттік кірістер комитеті мен құзыретті атқарушы органдары ресмилемеген төленген айыппұл туралы мағлұмат алып жатырмыз. Біздің мақсатымыз - бізге тек сапалы материалдың келуін қамтамасыз ету", - деді ол.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда жеке сот орындаушыларының қоржынында 1,9 триллион теңге сомасындағы 1,5 миллион құжат тұр.

"Негізгі сома банк секторының пайдасына асады. Егер де атқарушылық құжаттардың  санына келетін болсақ, істің  70 пайызы мемлекет үлесіне төлетуге бағытталды. Егер де төлетудің сапасына келетін болсақ, 8 айдың қорытындысы бойынша 70 пайызы толық орындалды", - деді палата төрағасы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети