13 қаңтар 2022 12:13

Әлия Назарбаева Қазақстандағы тәртіпсіздіктер туралы жазба жариялады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева Facebook-парақшасында елдегі тәртіпсіздіктер туралы жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева Facebook-парақшасында елдегі тәртіпсіздіктер туралы жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Назарбаева Қазақстандағы қайғылы оқиғалар жүрегіне батып, уайымдатып отырғанын жазған.

"Қаза болғандар мен зардап шеккендерге қалай қайғырып отырғанымызды жеткізер сөз жоқ. Қаза болғандардың отбасына шын жүректен көңіл айтамын. Бұл ауыр сабақ бәріміз үшін тарихымыздағы соңғы оқиға болсын. Бейбіт заманда адамдар өлгені дұрыс емес. Мені қолдап жатқандарыңызға рақмет. Және қазіргі уақытта әкеме моральдық қолдау білдіріп жатқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Осы күндері әр өңір тұрғындарынан көптеген хабарлама келіп жатыр", - деп жазды Әлия Назарбаева.

Ол Қазақстанға тек бейбітшілік пен гүлдену, қазақстандықтарға амандық пен денсаулық тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети