Әлия Назарбаеваның Астанадағы қоқыс шығаратын компанияға қатысы бар ма?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлия Назарбаеваның Астанадағы қоқыс шығаратын компанияға қатысы бар ма? Фото: instagram.com/aliya_nazarbayeva_official

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа Әлия Назарбаеваның компаниясы Астанада қоқыс шығарумен айналыса ма деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа Әлия Назарбаеваның компаниясы Астанада қоқыс шығарумен айналыса ма деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысынан кейінгі брифингте журналистер Нысанбаевтан Әлия Назарбаеваның компаниясы Астанада қоқыс шығарумен айналыса ма деп сұрады. Министр: "Жоқ, айналыспайды", деп қысқа жауап берді.

"Сіз Әлия Назарбаеваның компаниясы қоқыс шығарумен айналыспайды дедіңіз. Бірақ мемлекеттік сатып алулар сайтына кірсеңіз, 2023 жылы қол қойылған ондаған келісім-шарттарды көресіз. Яғни, Әлия Назарбаеваның компаниясы Астанада қоқыс шығаруды жалғастырып жатыр екен. Бұл қалай болғаны?" - деп сұрады журналист үкімет брифингінде.

"Менің қолымдағы ақпаратқа сәйкес, бүгінде Әлия Назарбаеваның компаниясы қоқыс шығарумен айналыспайды. Егер ақпарат болса, оны сізбен (журналистпен – еск.) бөлек талқылауға дайынмын. Сіз айтқан жаңа жағдайларды ескере отырып, мен не және қалай екенін тағы бір рет қараймын, жарайды ма?", - деп жауап берді Нысанбаев.

Айта кетейік, мемлекеттік сатып алу сайтында Сlean City NC компаниясымен қоқыс шығару туралы ондаған шарт жарияланған.

Kompra.kz сайтында ақылы жазылым арқылы Slean City NC ЖШС құрылтайшысы Green Future Management Ltd жеке компаниясы болып табылатынын көруге болады. Оның құрылтайшысы - Әлия Назарбаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети