16 сәуір 2014 | 18:21

Әлияның мәйітіне генетиктер сараптама жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлия Молдағұлованың мәйітін жерлеу рәсімі. Фото © "Боевое братство" ҚҚ Әлия Молдағұлованың мәйітін жерлеу рәсімі. Фото © "Боевое братство" ҚҚ

Қазақстандық іздеу отряды былтыр Псков облысынан Әлия Молдағұлова мәйітінің қалдықтары деп болжанған бөлшектерді тапқан болатын. Осы қалдықтарға Алматы қаласында генетиктер сараптама жасап, оның қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық іздеу отряды былтыр Псков облысынан Әлия Молдағұлова мәйітінің қалдықтары деп болжанған бөлшектерді тапқан болатын. Осы қалдықтарға Алматы қаласында генетиктер сараптама жасап, оның қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қалдықтарға сараптама жасаған сарапшылар Әлия Молдағұлованың мәйітіне қатысты "Боевое братство" қорының  болжамын жоққа шығарды. 

"Дегенмен генетиктер табылған қалдықтардың Әлия Молдағұловаға тиісті, тиісті емес екенін нақты айта алмады. Сараптама қорытындысы нақты емес", - дейді ақтөбелік "Боевое братство" қорының құрылтайшысы Гумер Галеев. - Мүмкін қалдықтар 70 жылдай топырақта жатып қалғандықтан сараптама нәтижесі дұрыс болмаған шығар. Сондықтан да қалдықтардың кімге тиесілі екенін анықтау қиын болып тұр. Біз бас сүйегінің формасына қарап азиялық қыз деп болжаған едік. Қалдықтардың  Әлия Молдағұлованікі екенін анықтау үшін генетиктерге басқа да қалдықтарды зерттеу керек", - дейді ол. Алайда Галеевтің айтуынша, бұл өте күрделі әрі шығыны көп жұмыс. Сонымен қатар билік басындағылар да бұл мәселеге қатысты аса құлық танытпай отырған көрінеді.   

Экспедиция мүшелерінің бірі Әсет Жақсыбаевтың айтуынша, үстіміздегі жылдың тамыз айында іздеу тобы тағы Псков облысына барып басқа да бауырластар қабірін тауып, табылған қалдықтарды қайта жерлемек. 2013 жылы қазақстандық экспедиция Псков облысынан 54-атқыштар бригадасының 178 сарбазының мәйіті қалдықтарын тапқан болатын. Осы Балтық маңындағы майданда Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлова соғысқан болатын. Естеріңізге сала кетейік батыр қыздың мәйітінің қалдықтары Монаковта жерленген еді.  

Әлия Молдағұлова майданға 1943 жылы алынған. Ол екінші  Балтық майданының 22 әскері 54-атқыштар бригадасының құрамында соғысты. Әлия 78 фашистті жер жастандырған. Халқымыздың батыр қызы 1944 жылы 14 қаңтарда Новосокольники қаласының маңындағы шайқаста ауыр жараланып, қаза тапты. 1944 жылы 4 маусымда ефрейтер Әлия Молдағұловаға Кеңес одағының батыры атағы берілді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети