ALMA TV ойын-сауық бағдарламалар тарататын телеарналар жұмысын тоқтатты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ALMA TV ойын-сауық бағдарламалар тарататын телеарналар жұмысын тоқтатты © elements.envato.com

ALMA TV теледидар операторы Қазақстанда 10 қаңтарда жарияланған аза тұту күнінде ойын-сауық бағдарламалары бар телеарналар жұмысын тоқтатты. Бұл туралы оператордың хабарламасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ALMA TV Қазақстандағы қайғылы оқиғаға байланысты құрбан болған қазақстандықтардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандар саны көп болуына байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 10 қаңтарын Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялауға шешім қабылдады.

Сондықтан ALMA TV 10 қаңтарда ойын-сауық бағдарламалары бар телеарналар жұмысы тоқтатылғанын хабарлайды", - делінген теледидар операторы хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети