Алмас Кішкенбаевқа қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алмас Кішкенбаевқа қатысты сот үкімі шықты Instagram/Almas Kishkenbayev

Сот танымал әнші Алмас Кішкенбаевтың ісі бойынша шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот танымал әнші Алмас Кішкенбаевтың ісі бойынша шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін оның ісі Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түскен еді.

Сот шешімі бойынша Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

"Алматының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты К.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жабық тәртіпте қарады, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінде жеке тұлғаларды қорлау, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. Сотпен К.-ның осындай әрекеттерді мас күйде жасағаны анықталды. Сотта К. болған оқиғаның мән-жайы есінде жоқ деп түсіндірді. К. ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды", - делінген сот хабарламасында.

Соттың қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Алмас Кішкенбаев полицияға жеткізілді деген ақпарат пайда болды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл "әкесінің кәмелетке толмаған ұлыма тиісті деген арызы бойынша" орындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети